26.12.2021, 03:53

Атырау облысының әкімі орынбасарларын неге ауыстырмағанын айтты

Фото: ашық дереккөз
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасарларының жемқорлық жасады деген күдікке ілінгеніне қарамастан, неге ауыспағанын айтты.

«Ақ Жайықтың» мәліметіне сәйкес, 24 желтоқсанда облыс әкімінің жергілікті БАҚ журналистерімен кездесуі өткен. Өңір басшысына орынбасарларына қатысты сұрақтар қойылды. Өйткені, Қайрат Нұрлыбаев пен Бақытгүл Хаменованың үстінен тергеу жүріп жатыр және Нұрлан Таубаевқа қатысты сот процесі өтуде.

– Таубаевтың кінәсі сотта әлі дәлелденген жоқ. Бірақ сот процесі ұзаққа созылып жатқандықтан, оның келмей қалуы әкімдік жұмысына кері әсерін тигізетінін түсініп, өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды. Хаменова бойынша тергеу жүргізілуде, оның аяқталуын күту керек. Олардың міндеттері менің басқа орынбасарларым денсаулық сақтау саласын – Қайрат Бекенов, білім беруді – бірінші орынбасарым Серік Айдарбеков, басқа салаларды – Нариман Таушов басқарады. Орынбасарларымның кінәсі дәлелденген жоқ, оларды ауыстыруға әлі ерте, – деді Досмұхамбетов.

Журналист облыс әкімі ретіндегі қызметіне көңілі тола ма деп қысқаша жауап сұрады. Досмұхамбетов осы уақыт ішінде қаншама істер атқарылғанын айта бастады.

«Қысқаша – иә ма, жоқ па?» деп сұрады журналист.

– Иә, – деп жауап берді әкім.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.