$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай: 5-сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден төрт баланы алып шықты

Қостанайда мектеп оқушысы өртке оранған балаларды құтқарып қалды. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпаратпен бөлісті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«101» пультіне «Бағбан» аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 11:36-да түскен. Куәгер саяжайдың өртеніп жатқанын айтқан. Өрт сөндірушілер жеткенше алты адам тұрған тұрғын үйдің 60 шаршы метр аумағын өрт шарпыған.

– Қостанай қаласындағы №22 орта мектептің 5-сынып оқушысы Олег Пирог көшеде ойнап жүріп, көрші саяжайдан қою түтін шыққанын білген. Бұл үйде көп балалы отбасы мен кәмелетке толмаған балалары тұрған. Қыз сегіз жаста, ал ең кішісі небәрі екі жаста. Өрт сөндірушілердің келуін күтпестен, түтін басқан бөлмеге терезе арқылы кіріп, өз өмірін қатерге тігіп, төрт баланы бірінен соң бірі көшеге алып шыққан. Ол кезде ата-анасы үйде болмаған, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарылған балалар ата-аналары келгенге дейін көршілерімен бірге болған. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын шығарды. Өрт 12:07-де оқшауланып, көрші саяжайларға таралу қаупі жойылды.

Болжам бойынша, өрттің шығуына пештің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары