Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің басшысы Қайрат Келімбетов Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты пікір білдірді.
«Коммерсант» газетіне берген сұхбатында Қайрат Келімбетов Қазақстанның экономикалық саясатына елеулі әсер ететін бірқатар жаһандық үдерістер бар екенін атап өтті. Біріншісі, төртінші өнеркәсіптік революция, жаңа технологияларға көшу.
– Бұл вагонға «секіруге» мүмкіндік бар және 50-100 жылға артта қалу қаупі төніп тұр, – деді Қайрат Келімбетов.
Екінші тенденция – декарбонизация.
– Бұл энергетикалық модельден жаңа күйге көшу, бізде көмірмен жұмыс істейтін энергия 70% құрайды. Біз әртүрлі ұзақ мерзімді міндеттемелер қабылдаймыз: Қазақстан 2060 жылға қарай көміртекті бейтарап болуы керек. Біз Глазгода болдық және 2030 жылға қарай көмірқышқыл газының шығарындыларын 15%-ға азайтуымыз керек. Күн және жел энергиясына инвестиция тарту керек, бірақ бұл біз үшін көмірді толығымен алмастыра алмайды. Газ керек, «Газпроммен» ынтымақтастық орнатамыз, дегенмен Қазақстанға атом электр стансасын салу керек. Біз қазірдің өзінде, «Росатоммен» келіссөздер жүргізіп жатырмыз, – деді Қайрат Келімбетов.
Оның айтуынша, декарбонизация көмірден алыстау ғана емес, бұл ескі энергетикалық модельден көшу.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.