$ 494.87  520.65  4.91

Жігіті баладан бас тартқан: Әйел жерге көмілген жаңа туған нәрестені құтқарып қалды

Зимбабве тұрғыны Гокве қаласына жақын ауылда көршісінің сәбиді тірідей көміп жатқанын көріп, баланы аман алып қалған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Йеукай Мано ғашығына жүктілігі туралы айтқанымен, сүйіктісі оған қуана қоймапты. Ол баладан бас тартады. Баланың әкесі емес екенін айтады. Өзіне міндеттеме алудан бас тартқан соң әйел баладан құтылуды ұйғарады. Босана бастағанда әйел жақын маңдағы бұталарға барып, жаңа туған нәрестені таяз қабірге жерлейді.

Зимбабвеліктердің әрекетін көршісі кездейсоқ көріп қалған. Әйел болған жағдайды ауыл басшысы мен полицияға хабарлаған.

Құқық қорғау қызметкерлері Маноны тұтқынға алды. Әйел тәртіп сақшыларына сүйіктісінің жүктілігі үшін жауапкершіліктен бас тартуына байланысты басқа амалы қалмағанын айтқан. Балаға қарайтын ешкім болмаған соң, ол баладан құтылуды ұйғарғанын жеткізген.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары