$ 494.87  520.65  4.91

«Кінәлілер жазаға тартылсын»: Нұр-Сұлтанда үстіне металл конструкция құлап қайтыс болған әйелдің қызы Елбасыдан көмек сұрады

Нұр-Сұлтанда 14 қабатты "Номад" тұрғын үй кешенінің төбесінен металл конструкциясы құлап қайтыс болған әйелдің қызы құқық қорғау органдарына мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Время газетіне сілтеме жасап.

Еске салайық, тұрғын үй кешенінде орналасқан бизнес орталығының төбесінен күмбез тәрізді алып металл конструкция өтіп бара жатқан әйелдің қақ төбесінен құлап түскен. Әйелдің есімі Гауһар Ахметжанова, ол 56 жаста еді.

"Қылмыскерлерді анықтап, жазалау үшін бұл оқиғаға қоғам назарын аударуымыз қажет. 22.10.2021 күні қатты желдің салдарынан Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай орын алғаны туралы хабарлама жарияланды. Алайда бұл ескерту елеусіз қалып, белгісіз бір компания ғимараттың төбесінде жел ұшырып кету қаупіне қарамастан құрылыс жұмыстарын тоқтатпаған", - деп жазды марқұмның қызы Instagram желісіндегі жазбасында.

Жұлдыз (қыздың есімі) анасының алған жарақаттарын тізіп шыққан: мидың ауыр жарақаты, массивті субарахноидальды қан кету, контузия, эпидуральды гематома, пневмоцефалия, маңдай сүйегінің сызықты сынуы, церебральды ісіну және тағы басқалар. Әйелге бес рет ота жасалып, комаға түсіп қалған, өкініштісі сол ол комадан шықпаған күйі көз жұмған. Әйел 14 желтоқсан күні қайтыс болды.

Жұлдыз бұл қайғылы оқиғаға қатысы бар болуы мүмкін адамдардың ешқайсысы отбасына көңіл айтып немесе зардап шегушіні емдеуге қол ұшын созуға ұмтылмағанын атап өтті. Ол анасының өлімінің себептерін ашық тергеуді әрі барлық кінәлілерді заң аясында жазалауды сұрап, Елбасыға, Бас прокуратураға, Жоғарғы Сотқа және құқық қорғау органдарына жүгінді. Марқұмның қызы сондай-ақ тек "шартты слесарь Ваня ағайды" ғана жазаға тарту дұрыс емес деп санайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бұл факті бойынша "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сөзіміздің түйінінде айта кетейік, Гауһар Ахметжанова Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі болған. Ол Бас прокуратураның, облыс әкімдігінің, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Ақтөбе және Ақтау қалаларындағы тұрғын үй кешендерінің, ғимараттары мен құрылыстарының жобалық және жұмыс жобаларын әзірлеуге қатысқан. Сонымени қатар ұлы мен қызын бір өзі өсіріп отырған жалғыз басты ана еді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары