28.12.2021, 12:00

Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды

Фото: stan.kz
Қатты соққы салдарынан автокөлік жолдың шетіне ұшып кеткен.

Алматы облысында автобус пен жеңіл көлік қатысқан жантүршігерлік жол апаты орын алды. Апат салдарынан үш адам көз жұмып, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz. 

Жол-көлік оқиғасы Алматы-Бішкек тас жолының 105 шақырымында орын алды. Көктайғақ салдарынан Mercedes-Benz E-Class автокөлігі мен жолаушылар тасымалдайтын автобус бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл көлік Алматыға бет алған. 

Қатты соққы салдарынан автокөлік жолдың шетіне ұшып кеткен. Ал автобус Mercedes-Benz-тің үстінен басып қалған. 

Куәгерлердің сөзінше, автобуста Өзбекстан азаматтары болған. Ал Mercedes-Benz E-Class көлігінде 6 адам отырған. 

Атап нәтижесінде жеңіл көліктің үш жолаушысы қаза тапты. Кейінірек көз жұмғандардың бірі Mercedes-Benz жүргізушісінің әйелі екені анықталды. 

Зардап шеккендердің қатарында екі көліктің де жүргізушілері бар. Автобус жүргізушісі алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйіне қайтарылған. Екі жолаушының жағдайы ауыр. 

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сараптамалар тағайындалған. 

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.