Ақтөбеде мектеп директоры 7 жылға сотталды. Ол жұмысқа қабылдау үшін екі адамнан пара алды деп айыпталған, деп хабарлайды Астана арнасы.
Облыстық соттың ақпараты бойынша, ол мектеп директорының міндетін уақытша атқарып жүріп, өзінен жұмыс сұрап келген тұрғындардың бірінен 200 мың теңге, екіншісінен 100 мың теңге пара алған. Сот үкім шығарар кезде оның кәмелет жасқа толмаған балаларының бар екенін ескерген.
«Сот үкімімен А. Кушербаева қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деді Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Айтжанова.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.