$ 444.32  473.33  4.76

Түркістан облысында шенеуніктердің корпоративтен қашқан сәті видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы білім басқармасы қызметкерлерінің жаңажылдық кешінен видеолар тарап жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы білім басқармасы қызметкерлерінің жаңажылдық кешінен видеолар тарап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Кадрда бір топ адамның дәмханаға жиналып, мерекені тойлап жатқаны көрінеді. Бірақ кенеттен полиция қызметкерлері мен блогерлер бөлмеге кіріп келеді. Оларды көрген қызметкерлер беттерін жауып асығыс шыға бастайды.

Видео авторы мектептер мен балабақшаларда ертеңгілікке тыйым салынғанымен, шенеуніктердің корпоратив өткізіп жатқанына наразылығын білдірген.

Сондай-ақ жазбаны жариялаушы Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев корпоративтен қашып кеткенін түсіріп алғанын айтады. Видеода ер адамның көшедегі оператордан қашып, шағын арнадан өткені көрсетіледі. Кейін көлікке мініп, қашып кетеді.

Алайда облыстық білім басқармасы видеода Түркістан облысы білім басқармасының басшысының жоқ екенін мәлімдеді.

"Бұл видеодағы басқарма басшысы емес, бұл қате ақпарат. Кафеге келсек, иә онда қызметкерлер жиналған, оларға жай ғана сертификаттар берілген. Басшы барып құттықтап, кетіп қалған. Ешкім карантин шараларын бұзған жоқ", - деп түсіндірді ведомство баспасөз қызметі басшысы.

Кейін корпоративтің видеосын түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған қоғам белсенділері сотқа тартылатыны белгілі болды. Белсенділерге қарсы арызды Түркістан облысы әкімдігінің қызметкерлері жазған.

Шенеуніктер видео мемлекеттік қызметкерлердің беделіне нұқсан келтірді деп отыр: санитарлық талаптар бұзылмаған. Ведомство өкілдерінің айтуынша, банкет заңды түрде ұйымдастырылған, мейрамханаға небәрі 50 адам жиналған.

"Үш-төрт қызметкердің атынан олардың беделіне нұқсан келтіргені үшін сотқа талап-арыздар дайындалып жатыр. Санитария дәрігер 100 адамға дейін корпоративтік шаралар өткізуге рұқсат берді. Ал бұл талаптар бұзылған жоқ", - деді Түркістан облысының Адами даму департаменті басшысы Әлжан Сапарбеков.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары