Қостанай облысында пойыз бен жеңіл көлік қатысқан жол апаты орын алды. Темір жол өткелінде Нұр-Сұлтан-Орал бағытында бет алған жолаушылар пойызы жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Stan.kz.
Пойыз темір жол өткелінде Chevrolet Cruze автокөлігінің жанынан соққан. Нәтижесінде жеңіл көліктің 40 жастағы жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.
Қазір оқиға орнында кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Анықталғандай, Chevrolet жүргізушісі өткелден бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтпек болған.
Полиция департаментінде автокөлік иелерін жол жүру ережесін сақтауға шақырды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.