Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағында сақталған оқ-дәрілердің бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласына жеткізілуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа қоймалар бойынша үкімет тарапынан кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Арыс қаласы маңындағы оқ дәрі қоймаларының бір бөлігі де басқа жерге көшіріледі.
“Оған арнайы дайындалған орындар бар. Қазір сізге толық жауап бермеймін. Әртүрлі қоймаларға жеткізіледі. Мысалы, Аягөз немесе басқа. Бірнеше қойма бар. Нақты қанша, қайда екеніне жауап бермеймін”, – дейді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.