30.12.2021, 07:39

Доллардың 30 желтоқсандағы ресми бағамы өсті

Фото: tengrinews.kz
Бейсенбіде доллар бағамы 431,84 теңге болады.

Қазақстан Ұлттық банкі доллардың 30 желтоқсандағы ресми бағамын белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бейсенбіде доллар бағамы 431,84 теңге болады. Айта кетейік, америкалық валютаның 29 желтоқсандағы ресми бағамы 431,18 теңге болған еді.

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 431,84 теңге болған.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 435,13 теңге, сату - 436,72 теңге. Ал Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 435,86 теңгеге сатып алынып, 437,08 теңгеге сатылып жатыр.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.