Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың немересі дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл ақпаратты ДДСҰ басшысының келіні Айдананың атасы Жүрсін Ерман растады. Оның айтуынша, жаңа туған сәбиге Кай деген есім берген.
"Атын мен емес, баланың ата-анасы қойды. Оны Кай деп атады", - деді Жүрсін Ерман.
Ол қазақстандық Айдана мен Тедростың ұлы Аммануилдің (Оман) екінші баласы екені белгілі болды. Қазір олар Швейцарияда тұрады. Айдананың анасы жаңа жылды құдаларымен өз үйінде қарсы алатындарын, бешбармақ дайындайтынын айтты. Оның айтуынша, жаңа туған немересі Тедросқа ұқсайды. Баланың салмағы - 4150 грамм, бойы - 52 сантиметр. Ол 29 желтоқсанда дүниеге келді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.