31.12.2021, 14:20

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады

Фото: ашық дерекөз
Бибісараның табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін!

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің құттықтауын желідегі парақшасында жариялады.

«Бибісара Асаубаеваны блиц бойынша өткен әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Бұл керемет жетістік барша қазақстандық үшін, әсіресе шахмат әуесқойлары үшін Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық болды. Бибісараның табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін!», - делінген президенттің құттықтауында. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Тегтер: Шахмат Тоқаев