$ 443.85  474.3  4.8

5 қаңтардан бастап дүкендер мен сауда орындарына «жасыл» мәртебесі барлар ғана кіре алады

Қабылданған шаралар коронавирустың омикрон штамын таратпауды көздейді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Жаңа шектеу 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап күшіне енеді. Алдағы жылдан бастап дүкендерге, сауда орындарына тек "жасыл" мәртебесі барлар ғана кіре алады. Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап COVID-19 вирусының таралуын алдын алу бойынша қосымша шаралар шеңберінде жекелеген объектілердің қызметіне жаңа шектеулер енгізіліп, күшіне енеді.

"Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен жұмыс және демалыс күндерінде сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне (азық-түлік емес), сауда желілеріне (сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын), караокеге кіруге, жұмыс істеуге тек ондағы қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз "жасыл" мәртебе (вакцинация, сынама алынған сәттен бастап 7 күннен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 айда ауырып сауыққан адамдар) болғанда рұқсат беріледі", - деп жазылған хабарламада.

Қабылданған шаралар коронавирустың омикрон штамын таратпауды көздейді. Бүгінде омикрон штамы әлемнің 110 елінде анықталған. Ол – өте жұқпалы вирус. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша омикрон бірнеше айда барлық мемлекетке тарауы мүмкін.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары