31.12.2021, 18:00

Алматыдан 823 км қашықтықта жер сілкінді

Фото: ашық дереккөз
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 823 шақырым қашықтықта, Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында орналасқан.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 31 желтоқсан күні Алматы уақытымен 13 сағат 56 минут 45 секундта жерасты дүмпуі естілді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 823 шақырым қашықтықта, Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.1, магнитудасы – 5.6. Жерасты дүмпуі 30 шақырым тереңдікте болған. Эпицентрінің координаттары 37.03° с.е. 71.58° ш.б. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ», - делінген хабарламада.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.