$ 447.4  477.55  4.76

Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Үш қалада көктайғақ болып, тұман түседі.

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

1 қаңтарда Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман түседі. Күндіз өңірдің солтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

1 қаңтарда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болады. Атырау қаласында да тұман, көктайғақ. 

1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында көктайғақ. Түнде және таңертең тұман түседі.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары