01.01.2022, 13:01

Елімізде құжат жасату құны өзгерді

Фото: ашық дереккөз
2022 жылы АЕК мөлшері 2 917 теңгеден 3 063 теңгеге дейін өседі.

1 қаңтардан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш өсті. Бұл құжаттарды дайындау құны да өзгергенін білдіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2022 жылы АЕК мөлшері 2 917 теңгеден 3 063 теңгеге дейін өседі. Осы көрсеткішке сүйене отырып, қазақстандықтарға құжат жасату құны мындай болады:

төлқұжат алу - 24 504 теңге (8 АЕК); жеке куәлік - 613 теңге (0,2 АЕК); жүргізуші куәлігі - 3 828 теңге (1,25 АЕК); туу туралы куәлік - тегін, бірақ құжат өзгертілген, толықтырылған және қалпына келтірілген жағдайда - 1 532 теңге (0,5 АЕК); некені тіркеу - 3 063 теңге (1 АЕК), куәлікті қайта ресімдеу - 1 532 теңге (0,5 АЕК); некені бұзуға арыз беру - 6 126 теңге (2 АЕК).

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.