02.01.2022, 01:30

Павлодар облысында пиротехникадан екі адам зардап шекті

Фото: azattyq-ruhy.kz
Жедел жәрдем жаңа жыл қарсаңында пиротехникадан зардап шеккен екі адамға көмектесті.

Жедел жәрдем Павлодарда 33 жасар ер адам мен Екібастұзда 23 жастағы қызға қажет болды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем жаңа жыл қарсаңында пиротехникадан зардап шеккен екі адамға көмектесті.

«Екі жағдай да түнгі 00:00 – ден кейін бірден орын алды. Павлодарлық ер адамда пиротехниканың жарылуы нәтижесінде көз қабағының күйігі, көз алмасының контузиясы мен парорбитальды гематома пайда болған. Оны облыстық клиникалық аурухана жанындағы офтальмологиялық жарақат пунктіне жеткізді», - делінген хабарламада.

Екібастұзда петарданы қолданғаннан кейін зардап шеккен адамның беті күйіп 103 қызмет бригадасы қызды Орталық қалалық ауруханаға жеткізді.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.