$ 449.58  486.94  4.86

Қарағандыдағы атыс: жараланғандар бар

Қарағандыда 3 қаңтарға қараған түні караоке клубқа келушілер мен мекеме күзетшілері арасында жанжал шығып, салдарынан 23 жастағы жігіт зардап шекті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қарағандыда 3 қаңтарға қараған түні караоке клубқа келушілер мен мекеме күзетшілері арасында жанжал шығып, салдарынан 23 жастағы жігіт зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде караоке клубта болған атыс туралы ақпарат таралды. Куәгерлердің мәліметінше, клубқа келушілер мен мекеме күзетшілері арасында жанжал шығып, арты төбелес пен атысқа жалғасқан. Оқиға 3 қаңтар күні таңғы сағат 02.00 шамасында болған. Жанжал салдарынан 23 жастағы жігіт зардап шекті.

"Жанжал Janym Soul караоке клубының келушілері мен мекеме күзетшілері арасында болған. Зардап шеккен 23 жастағы қала тұрғыны жамбас тұсынан оқ жарақаты диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша іс қозғалды", - деді Қарағанды ​​облысы бойынша ҚД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ департамент жанжалға қатысушылардың жеке бастары анықталғанын айтты. Қару тәркіленді. Әрқайсысының жасалған қылмыстағы рөлін анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары