05.01.2022, 12:00

Коменданттық сағатты бұзғандарға қандай жаза қолданылады?

Фото: stan.kz
Аталған тәртіп бұзылса 10 АЕК айыппұл салуға не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеліп соғады.

Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзғандар, сондай-ақ коменданттық сағат ережелерін сақтамағандар үшін әкімшілік жаза қарастырылған, деп хабарлайды Stan.kz.

 Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Сонымен қатар аталған өңірлерде 5-19 қаңтар аралығында 23:00-ден 7:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. 

Қазақстанда төтенше жағдай режимі туралы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабында қарастырылған. 

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін мемлекеттiк орган белгiлеген келесі талаптарды орындамау жатады:  •    келу мен кетудiң ерекше режимi;  

• коменданттық сағат кезінде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу бөліктерінде орындамау, егер бұл әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса; 

•    белгiлi бiр жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу; 

• бейбіт жиналыстарды, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу немесе оларды шектеу; 

•    ереуiлдер өткiзуге тыйым салу; 

•    қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ алкогольдік iшiмдiктермен және құрамында спирт бар заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу; 

•    карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу; 

•    көбейту техникасын, сондай-ақ радио- және теле хабар тарату аппаратурасын, аудио- және бейнежазу техникасын пайдалануға шектеу қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқамалар; бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар; 

•    байланысты пайдаланудың ерекше қағидалары; 

•    көлiк құралдарының жүруін шектеу және оларды жете тексеруден өткiзу; Аталған тәртіп бұзылса 10 АЕК (30 630 теңге, не 72 доллар) мөлшерінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

Айта кетейік, егер бұзушылық жаза қолданылғаннан кейін бір жыл өткен соң қайта жасалса, бұл 20 АЕК (61 260 теңге немесе 142 доллар) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.