Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген, оның 150-і жедел жәрдем және 40-ы өз өтініші бойынша, деп хабарлайды Stan.kz.
40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шеккен адам реанимацияда, оның ішінде 4 полиция қызметкері.
Зардап шеккендердің ішінде 137 полиция қызметкері және 53 бейбіт тұрғын бар.
Айта кетейік, билік өкілдеріне қарсы күш қолдану, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасаудың 13 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ ішкі істер органдарының 95 қызметкеріне дене жарақаттары келтірілген.
Заңсыз әрекеттердің салдарынан ішкі істер органдарының 95 қызметкеріне дене жарақаттары келтірілген. 37 қызметтік автокөлік бүлінген.
Еске салсақ, еліміздің бірқатар аймақтарында заңсыз акциялар өтті. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 200-ден астам адам ұсталды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.