$ 441.44  473.09  4.75

Төтенше жағдай салдарынан пойыздар тоқтатылды

4 қаңтардан 5 қаңтарға қараған түні 14 пойыздың жолаушылары межелі жерге жеткізілмеген.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

ТЖ енгізілуіне байланысты Алматы, Маңғыстау және Алматы облыстарында Мақат және Жем теміржол станциялары бойынша қозғалыс жабылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz. 

Бұдан басқа, Мақат және Жем станциялары арқылы Алматы-1, Алматы-2, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан станцияларынан жолаушылар пойыздарының жөнелтілуі тоқтатылды.

Сондай-ақ, 4 қаңтардан 5 қаңтарға қараған түні 14 пойыздың жолаушылары межелі жерге жеткізілмегені белгілі. Қазір пойыздар уақытша станцияларда орналасқан. Жолаушылар тамақпен және сумен қамтамасыз етіледі.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жедел штабы жағдайды бақылауда ұстап отыр. Пойыздардың қозғалысы жағдай реттелгеннен кейін қалпына келтіріледі", - делінген ведомство хабарламасында.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары