10.01.2022, 11:20

8 мыңға жуық адам ұсталды – Ішкі істер министрлігі

Фото: tengrinews.kz
Алматыдағы екі базарда 207 адам ұсталған.

10 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда 7939 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Штаб мәліметінше, Ұлттық Ұланның және арнайы бөлімшелердің әскери қызметкерлер жедел іс-шаралар өткізу кезінде Алматыдағы екі базарда 207 адам ұсталған. 

Ұрланған 5 автокөлік, ұрланған тауар-материалдық заттар (жаңа компьютерлік процессорлар, ноутбуктер, музыкалық орталық), сондай-ақ 2 бірлік тегіс ұңғылы және 4 суық қару тәркіленді.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.