10.01.2022, 12:40

Жамбыл облысы Полиция департаменті басшысының өлімі расталды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы, генерал Жанат Сүлейменов
Бірақ қандай жағдайда қайтыс болғаны анықталып жатыр.

Таразда Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы, генерал Жанат Сүлейменовтің өлімі расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. 

"Жанат Сүлейменов қайтыс болғаны рас. Бірақ қандай жағдайда қайтыс болғаны анықталып жатыр", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Жанат Сүлейменов 1962 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет етеді. Түрлі жылдары есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеттерді, криминалдық полицияны, көліктегі полиция департаменттерін, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарын басқарды. 2017-2019 жылдары Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Жанат Сүлейменов 2020 жылдың ақпан айында Қордай ауданындағы оқиғалардан кейін тағайындалған еді.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.