$ 444.32  473.33  4.76

АҚШ-тағы сайлауда Дональд Трамп алға шықты

АҚШ-та өтіп жатқан президенттік сайлауда Республикалық партия өкілі Дональд Трамп қарсыласы — демократ Хилари Клинтоннан 1,5 миллион дауыс артық жинап, көш бастады. Бұл жайында CNN телеарнасы хабарлап отыр.

Трампқа дауыс бергендер саны 18,7 миллион адамды құраса, Клинтонды қолдайтын америкалықтар саны 17 миллионнан сәл ғана асқан.

Айта кетейік, АҚШ-тағы президент сайлауы 8 қарашаға белгіленген. Сайлауда жеңіп шығу үшін кандидаттардың бірі сайлаушылардың 50 пайыздан астамының дауысын жинау керек. Сондай-ақ, 270 таңдаушының да қолдауы қажет. Ол таңдаушылардың дауыс беру рәсімі 19 желтоқсанда өтеді. Ал, 2017 жылдың 6 қаңтарында конгресс таңдаушылардың шешімін бекітпек. Жоспарға сай, 20 қаңтар күні жаңа президентті ұлықтау рәсімі өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары