Атырау облысындағы Теңіз кен орнында күзет күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Атырау өңірінің де экономикалық әрі стратегиялық маңызды ірі өнеркәсіп орындарына әскери күзет қойылды. Оның ішінде Теңіз кен орны да бар. Бұл кеніштегі өндіріс орындарын Қазақстанның Қарулы күштерінің әскерилері мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Теңізшевройл» компаниясының күзет қызметі өкілдерімен бірлесе күзетеді. Олардың арасында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ОДКБ) әскерлері жоқ», -деп мәлім етті Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.