$ 494.87  520.65  4.91

«ЛРТ жобасына сәулетшілер мен урбанистер шақырылады» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында елордадағы ЛРТ құрылысы туралы пікір білдірді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында елордадағы ЛРТ құрылысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көпшілікті, әсіресе елорда тұрғындарын ашуландыратын тағы бір мәселе – ЛРТ құрылысы болып отыр. Ол кәдімгі инфрақұрылымдық жобадан елдің абырой-беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. Қазірдің өзінде орасан зор қаражат жұмсалды, қарыздар тартылды, шетелдік әріптестер алдында ауқымды келісімшарттық міндеттемелер қабылданды. Бұл жоба бастапқыда-ақ үлкен қателік болды, оны мойындау керек. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба», - деді Қ. Тоқаев.

Мемлекет басшысы енді оңтайлы шешім қабылдау қажеттігін айтты.

«Себебі оны жай ғана бұза салу уақыт пен ақшаны жоғалтуды білдіреді. Демек, отандық және шетелдік сәулетшілер мен урбанистерді шақырып, жобаны іске асырудың ықтимал нұсқаларын анықтаудан басқа жол жоқ», - деді Президент.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары