Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Мәжіліс отырысында Президент «Самұрық-Қазына» қорының жұмысына тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгінде «Самұрық-Қазына» қорының активі еліміздің ЖІӨ-нің 60 пайызына жуықтайды. Яғни, осы ұйымының тиімді қызметі бүкіл экономикамыздың өсуіне тікелей әсер етеді. KEGOC, «ҚазақГаз», «Қазақстан темір жолы» сияқты компаниялар экономиканың барлық секторлық тиімділігін айқындайды. Осы тұста қор өзінің негізгі міндетін орындап отыр ма? Яғни ұлттық байлықты еселей алды ма? деген сұрақ туындайды», - дейді Президент.
Өз сөзінде «Қордағы қомақты жалақы алатын қызметкер мен директорлар кеңесі немен айналысады? Қызметі өте қымбат консалтинг компаниялар және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқаннан пайда бар ма?» деген сауал қойды.
«Үкіметке квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалау үшін ұсыныстар енгізуді тапсырамын», - дейді Мемлекет басшысы.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.