Қытаймен шекарадағы мәселені реттеу керек. Парламент отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады baq.kz.
Бюджетке түсетін кірісті арттыру кеден саласын ретке келтіруде жатыр. Әсіресе, Қытай шекарасындағы мәселені реттеу керек. Ондағы олқылық баршамызға аян. Көліктер дұрыс тексерілмейді, салық пен кеден төленбей жатыр. Қытай кеден органдарымен статистика сәйкес келмей жатыр. Олар млрд-тарды құрады. Халық млрд теңге көлеміндегі салықтан айырылып жатыр. Бұлай іс жүргізуге болмайды. Бас прокуратура мен Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп шекарада тексеріс жүргізуді тапсырамын, - деді Тоқаев.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.