$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда ұрланған қару жасырылған қойма табылды

Тергеу кезінде ұсталғандар қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады.

Алматыда полиция қызметкерлері тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақ жасырылған орынды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық комендатураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұрланған қаруды Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны жасырғаны белгілі болды. Оны Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстады. Тергеу кезінде жігіт қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады.

"Ұрланған мылтықтар карьерлердегі жасырын орында сақталғаны анықталды. Қазір оның қаладағы тәртіпсіздіктер кезіндегі басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау, заңсыз сақталған басқа да қару-жарақтарды тәркілеу бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары