11.01.2022, 15:40

«LRT бағаналарын өз есебімізден бұзуға дайынбыз» - Айдын Рахымбаев

Фото: azattyq-ruhy.kz
Жолға бөгет жасап тұрған бағаналарды сүру керек.

Еліміздегі танымал құрылыс компаниясының басшысы елордадағы LRT құрылысын жоюға атсалысуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында жариялады.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында жасаған мәлімдемесінде елордадағы LRT құрылысының үлкен проблемаға айналғанын айтып, аталған мәселеге қатысты оңтайлы шешім қабылдау керектігін жеткізді. Мемлекет басшысы жобаны сүріп тастау ақшаны желге шашу болатынын ескертті.

Өз кезегінде белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев елорда көркін бұзып тұрған LRT құрылысын сүруге дайын екенін мәлімдеді. Алайда компания басшысы LRT құрылысын түгелдей емес, «тек жолға бөгет жасап тұрған бағаналарды сүру керек» деген пікірде екенін жеткізді.

Дереккөз: azattyq-ruhy.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.