12.01.2022, 15:00

«Дариға Назарбаева денсаулық жағдайына байланысты демалыста» - көмекші

Фото: ашық дереккөз
Дариға Назарбаеваның көмекшісі депутат Мәжіліс отырысына неге қатыспағанын айтты.

Дариға Назарбаеваның көмекшісі депутат Мәжіліс отырысына неге қатыспағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Депутат денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін растаймын, өйткені ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Ол Қазақстанда", - деді Жанна Ермекова.

Дариға Назарбаева 5 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысына да қатыспаған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.