Алматының бас дәрігері болып Қарлығаш Әбдіжаббарова тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz.
12 қаңтардан бастап Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (халық арасында СЭС деп аталады) басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.
5 қаңтардан бастап Әбдіжаббарова СЭС бөлімінің бастығы қызметін уақытша атқарды. Бұған дейін бұл бөлімді Жандарбек Бекшин басқарды, ол да зейнеткерлікке шыққанға дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері болды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.