Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты 5 облыс аумағында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.
Орал ертең түнде және таңертең тұман түседі.
13 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Түнде облыстың шығысында тұман түсуі мүмкін.
Қарағанды қаласында ертең күндіз жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.
13 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін.
Ертең Қызылорда қаласында кей уақытта тұман түседі.
13 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында және орталығында тұман түсуі ықтимал.
Ертең Ақтауда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
13 қаңтарда Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің оңтүстік жартысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ертең елордада кей уақыттарда жаяу бұрқасын соғалы, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.