$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің құрметіне ескерткіш орнатылады

Алматыда қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің құрметіне ескерткіш орнатылады. Бұл туралы Қарулы күштердің офицері Сәндібек Хаировпен қоштасу рәсімінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, 35-гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары подполковник Сәндібек Хаиров әкімдік ғимаратын күзетіп жүріп қаза тапқан болатын. Ол шабуыл жасалған ғимараттан әскерилерді шығарып үлгерген, бірақ өзі қашып құтыла алмаған.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Қаза тапқан әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құрметіне қойылатын ескерткіш Республика алаңында мәңгі сақталады. Бұл біздің елімізді лаңкестерден қорғап, бейбітшілікті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткендерді еске алу үшін ұрпақтарға арналады", - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, Хайровтың отбасына материалдық көмек көрсетілетінін, пәтер бөлінетінін айтты. Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары