14.01.2022, 11:20

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 22 адам із-түзсіз жоғалған

Фото: ашық дерекөз
15 адам табылса, 7-і әлі іздестіріліп жатыр.

2022 жылғы 4 қаңтардан кейін Алматы қаласында 22 адам із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Олардың жоғалғаны туралы полицияға хабарланған. Соның ішінде 15 адам табылды. Қалған 7 адамның жүрген жері анықталуда. Барлық оқиғалар бойынша істер қозғалып, жедел-алдын алу шаралары жүргізілуде. 

Қалалық полиция департаментінен хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды тұрғылықты жері бойынша аудандардың немесе сол адамды соңғы рет көрген аудандардың ішкі істер бөлімдеріне жүгінуге кеңес берді.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.