$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 20 қаңтардан бастап балабақшалар өз жұмысын бастайды

Бұл ретте қаладағы эпидемиологиялық жағдай міндетті түрде ескерілетін болады.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Алматының білім беру ұйымдары үшінші оқу тоқсанының басталуына қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы онлайн брифингте қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz. 

Оның айтуынша, 5 қаңтардан бастап қаладағы қалыптасқан жағдай мен қабылданған қауіпсіздік шараларына байланысты мектепке дейінгі 860 ұйымның жұмысы уақытша тоқтатылған. Оларда 71 мыңнан астам бала тәрбие, білім алады.

"Төтенше жағдай режимі аяқталған соң, 20 қаңтардан бастап балабақшалар өз жұмысын бастайды. Бұл ретте қаладағы эпидемиологиялық жағдай міндетті түрде ескерілетін болады, сондықтан балабақшалар кезекші топ режимінде жұмыс істеуі мүмкін. Біз ата-аналар мен барлық қызметкерлерді мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс тәртібі туралы қосымша хабардар етеміз",  –  деді білім басқармасының басшысы.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары