$ 494.87  520.65  4.91

Пәтер жалдау ақысының жартысын мемлекет төлейді

Бұл жеңілдік кімдерге арналған?

Бірақ коммуналдық төлемдерді жалға алушы өзі толықтай төлейді.
"Ашық НҚА" порталында жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидалары жарияланды, деп хабарлайды informburo.kz

Жана механизм 2021 жылдан бастап баспанаға мұқтаждарға жалға алу ақысының жартысын мемлекет есебінен төлеу мақсатында әзірленді. Тұрғын үйді жеке құрылыс компаниялары ұсынады, ал әкімдік оларға жер учаскесін бөліп, инженерлік желілер тартып береді. Құрылыс компаниясы пәтерлердің жартысын Тұрғын үй құрпылысының бірыңғай операторына жалға алуға беруге міндетті. 

№1. Мемлекеттен кімдерге қанша төленеді?
Жалдау ақысының жартысы, яғни 50%-ы бюджеттен төленеді. Төлем мөлшері статистикалық деректерге сәйкес тиісті өңірдегі тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құны негізінде есептеледі. Баспанаға мұқтаж, кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасында есепте тұрған азаматтарға беріледі.

№2. Үміткерлерге қандай талаптар қойылады?
Қазақстан азаматығы;
соңғы 6 айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 36 018 теңгеден төмен болуы. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есепке алынбайды;

Әкімдіктің тұрғын үй кезегінде тұрғандар:

1 және 2 топтағы мүгедектер;
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа", бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары