$ 449.3  489.69  4.89

Премьер Смайылов «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударды

ҚР Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов пен ҚР премьер-министрі кеңсесінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын «Қазақстан халқына» қорына аударды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов пен ҚР премьер-министрі кеңсесінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын "Қазақстан халқына" қорына аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен ҚР премьер-министрі кеңсесінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын "Қазақстан халқына" қорына аударды. Үкімет бизнес өкілдерін, ең алдымен, ірі бизнесті әлеуметтік жауапкершілік танытып, Қорды қаржыландыруға көмек көрсетуге шақырады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Қазақстанның бірнеше қоғамдық ұйымы "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын (ҚӘҚ) құрды.

Қордың құрылтайшылары "Қазақстан халқына" ҚӘҚ төрағасы қызметіне мемлекет қайраткері, белгілі қаржыгер Болат Жәмішевті сайлады. Бақылаушылар кеңесіне денсаулық сақтау мен білім беру салаларының белгілі қайраткерлері, сондай-ақ ҚР қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кірді.

"Қазақстан халқына" ҚӘҚ денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемаларды шешумен айналысады. Қордың қызметі қоғамды біріктіруге және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға ықпал етеді.

Қор жеке және мемлекеттік көздерден қаржыландырылады, сонымен қатар халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін тарту жоспарда бар.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары