$ 446.49  475.38  4.79

Президент Ақтөбе облысындағы төтенше жағдай режимін алып тастады

Ақтөбедегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан 17 полиция қызметкері жараланған болатын.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Президент Ақтөбе облысындағы төтенше жағдай күшін жойды. Тиісті жарлық Аккорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

"Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 738 Жарлығымен енгізілген Ақтөбе облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 16 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын", - делінген құжатта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, Ақтөбедегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан 17 полиция қызметкері жараланды. Наразылық білдірушілер облыс әкімшілігіне екі рет шабуыл жасады. Алдын ала есептеулер бойынша, залалдың жалпы сомасы 300 миллион теңге.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары