Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте ресми түрде 12-орынға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
16 қаңтарда Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі жарияланды. 13-орында тұрған отандасымыз америкалық Совия Кенинді небәрі үш ұпайға басып озған.
11-орынға 2968 ұпай жинаған ресейлік Анастасия Павлюченкова жайғасса, тунистік Онс Жабер 3500 ұпаймен ең үздік ондықты түйіндеп тұр.
Қазақстан теннисі тарихында бұрын-соңды ешқандай спортшы 12-орынға дейін көтерілмеген.
Қазақстан намысын қорғайтын тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева да рейтингте бір саты жоғарылады. Қазір Путинцева 1400 ұпаймен 42-орында. Сонымен қатар, төрт саты жоғарылаған Зарина Дияс 732 баллмен 104-орынға шыққан.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.