17.01.2022, 11:20

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 37 пәтер зардап шекті

Фото: Tengrinews.kz
Қазір мамандар қанша шығын кеткенін есептеп жатыр.

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 37 пәтер зардап шекті. Бұл туралы жедел кеңес барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгінге дейін 37 пәтерге тексеріс жүргізілді. Қазір мамандар қанша шығын кеткенін есептеп жатыр. Бұған бірнеше күн қажет. Біз бұл туралы ПИК пен тұрғындарға хабарлаймыз, өйткені алдағы екі күнде тергеу амалдары жүргізіледі", - деді. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Тегтер: Алматы пәтер