$ 494.87  520.65  4.91

Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін келген шығын сомасы белгілі болды

Алматыға 112 миллиард теңге шығын келген.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Алматы әкімдігі өкілі қаладағы тәртіпсіздіктер кейін келтірілген шығын сомасын айтты. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қалаға келтірілген шығын сомасы 112 миллиард теңге болады, бизнес нысандары  - 67 миллиард, оның ішінде 42 миллиард шағын және орта бизнеске тиесілі. Азық-түлік сатпайтын дүкендер көп зардап шекті. Оларға келтірілген шығын сомасы 21 миллиард теңге, ал қару-жарақ дүкендеріне 6,4 миллиард теңге көлемінде залал келді. Қаржы ұйымдарының ішінде банктер, банкоматтарға келтірілген шығын 700 миллион теңге болды. Әкімшілік ғимараттар бойынша Мұхит Бақытұлы баяндады", - деді ол.

Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қалада зардап шеккен 10 нысан мемлекет есебінен қалпына келтірілетінін айтты.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары