$ 494.87  520.65  4.91

Самат Әбіш ҰҚК-дағы қызметінен босатылды

Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ҰҚК Самат Әбіш төрағаның бірінші орынбасары қызметінде қалатынын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, Самат Әбіш 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысында екені айтылды.

Еске салайық, 5 қаңтарда Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған еді. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары