17.01.2022, 15:40

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте оқушылар үшінші тоқсан бойы онлайн форматта оқиды

Фото: stan.kz
Үшінші тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады.

Білім және ғылым министрлігі III оқу тоқсанына қатысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды Stan.kz. 

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, III тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады. Бірақ республикалық маңызы бар үш қаланың оқушылары әзірше онлайн режимде білім алады.

"Бүгін, 17 қаңтарда үшінші оқу тоқсаны басталды. Бұл тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады. Санитарлық дәрігелердің шешім бойынша үш қала – Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте қашықтан оқыту форматы болады. Қазіргі кезде барлық техникалық құрал-жабдық таратылды. Ал басқа өңірлерде бір мектепте 600-ден астам оқушы болса, олар да онлайн режимде оқиды. Бірақ 1-2 сынып оқушылары штаттық форматта білім алады. 3-5 сынып оқушылары үшін кезекші топтар ұйымдастырылады", - деді Кәрімова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ауылдың оқушылары бұрынғыдай мектепке барып оқиды. Барлық балабақша да штаттық режимде жұмыс істейді.

Жалпы, республика бойынша 2 миллионнан астам оқушы (60 процент) дәстүрлі форматта білім алса, 1,5 миллионға жуық бала (40 процент) қашықтан оқиды.   

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.