17.01.2022, 16:20

Жамбыл облысында қару-жарақ сақталған қойма табылды

Фото: Tengrinews.kz
Қойма шекарадан екі шақырым жерде анықталған.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан екі шақырым жерде атыс қаруы сақталған қойма табылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерде атыс қаруы сақталған қойманы анықтады. Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік йір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды. Осы факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 14 қаңтарда "Қордай" автожол бекетінде Қырғызстан азаматы ұсталды. Көліктің жүк салғышын тінту кезінде ер адамда 50 литрлік мөр, 4 халықаралық төлқұжат, 20 банк картасын тапқан. Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша АІІБ-ға тапсырылды.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.