18.01.2022, 11:40

Сұйытылған газ бағасының көтерілу себебі анықталды

Сұйытылған мұнай газын сату тауар биржаларына беріліп, тұрақты бақылауда болады.

Үкіметте сұйытылған газ бағасының көтерілу себебі аталды, деп хабарлайды Bugin.kz.

«Тергеудің алдын ала қорытындысы бойынша бағаның көтерілуіне электронды сауда алаңындағы баға белгілеу механизмінің жетілдірілмегендігі басты себеп болғанын көрсетті», - деді жиында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.

Монополияға қарсы агенттік Бас прокуратурамен бірлесе отырып, сұйытылған мұнай газын көтерме сатумен айналысатын 6 дистрибьюторға («Қазмұнайгаз» АҚ, «Петросун» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазГПЗ» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Биыл сұйытылған мұнай газын сату тауар биржаларына беріліп, тұрақты бақылауда болады. Сонымен бірге, хабарламаны орындамағаны үшін сауда алаңының ұйымдастырушысы «ETS» тауар биржасы» АҚ-на қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.