$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде жанармай құю станциялары тексеріліп жатыр

Оның ішінде 4 ірі желі - "Гелиос" ЖШС, "Sinooil" ЖШС, "Газпромнефть-Қазақстан" ЖШС, "PetroRetail" ЖШС бар.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі басшысы Серік Жұманғарин Қазақстанда төрт ірі жанармай құю бекетіне тергеу жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жұманғариннің мәліметінше, дизель отыны нарығында бөлшек сауда иелеріне қатысты 12 тексеру жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 4 ірі желі - "Гелиос" ЖШС, "Sinooil" ЖШС, "Газпромнефть-Қазақстан" ЖШС, "PetroRetail" ЖШС бар. Ол 180 күнге уақытша шекті бағалар белгіленгенін мәлімдеді. 

"Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу бойынша жұмыс істеп жатыр. Агенттік әкімшілік бірліктерді ескере отырып, сұйытылған газды батыста 50 теңге, оңтүстікте 60 теңге, солтүстік пен шығыста 60-70 теңге деп белгіледі. Агенттік күн сайын ТМД бағаларына бақылау жасайды, уақытша шекті бағадан асып кету дерегі анықталған жағдайда бағаны төмендету туралы нұсқама жібереді. Орындалмаған жағдайда әкімшілік жаза қолданылады", - деді Жұманғарин.

Айтарлықтай баға айырмашылығы мен экономикадағы қолайсыздықтар байқалса, агенттік уақытша шара ретінде кейбір тауар бағасы мемлекеттік деңгейде реттелетінін мәлімдеді.

Ол Энергетика министрлігімен бірлесіп, газ өндірушілермен арада бөлшек газ сатушыларға ескі және жаңа көтерме баға арасындағы айырмашылықты өтеу туралы келісім жасалғанын айтты.

"Бас прокуратурамен бірлесіп, "ҚазМұнайГаз" АҚ, "Petrosun" ЖШС, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "СП Қазгермұнай" ЖШС, "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС және "ҚазГӨЗ" ЖШС секілді ТМД-ның 6 көтерме сатушысына бағаны көтеру бойынша жағдайды теріс бағытта пайдалану және сұйытылған газды бөлшек саудада өткізетін 180 кәсіпкерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Жұманғарин.

Оның айтуынша, тергеудің алдын ала нәтижелері баға өсуінің негізгі себебі электронды сауда алаңындағы баға механизмінің жетілмеуі екенін көрсеткен.

"Осыған байланысты былтыр "Газ және газбен жабдықтау туралы" заңнамаға өзгерістер енгізілді. Мемлекет басшысы 2021 жылғы 30 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. Биыл да сұйытылған газды өткізу тауар биржаларына ауысады және тұрақты бақылауда болады.

"БКО тауар биржасы" АҚ-ға қатысты хабарламаны ескермеу бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды Жұманғарин.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары