18.01.2022, 15:40

Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 695 тергеу басталды

Фото: stan.kz
Күдікті ретінде 780 адам ұсталды.

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктерден кейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Stan.kz . 

Бұл туралы ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

"Күдікті ретінде 780 адам ұсталды. 695 адамды сот қамаққа алды. Бұл істер ауыр және аса ауыр қылмыстарға жатады. Олардың барлығы бойынша прокурорлар азаматтардың құқығының сақталуын қамтамасыз етіп жатыр", - деді ол. 

Осылайша 44 іс терроризм актілері бойынша, 15 іс кісі өлтіру бойынша, 6 іс насихаттау фактілері және билікті басып алуға шақыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қылмыстық істердің барлық айыптаушысына, оның ішінде ұсталғандарға уақытылы заң көмегі көрсетіліп жатыр", - деді Азамат Серғазин.

Сондай-ақ Бас прокуратура азаматтарды арандатушылыққа берілмей, ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге, құқықтық тәртіпті сақтауға шақырды.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Тегтер: бүлік Тергеу