Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Желіде тараған видеоның қайда түсірілгені белгісіз.
«Қайырлы күн баршаңызға. Мына жылан қыста шығып жүр екен. Жылан бауырын көтерсе ел толқиды дегенді естігенім бар еді, бірақ жылан қыста шықса нені білдіретіні жайлы естімеппін. Осы жайлы ой қосар замандас болса айта отырғаны жақсы болар еді», - деп жазды автор.
Видеоны түсірген адам «2022 жыл қаңтардың 3-і , жыланды қара» деп таң қалады.
Мұны көрген көпшілік түрлі болжам айтып жатыр. Біреулер «жыланның қыс ортасында шығуы жақсылық емес, елдегі бүлікті білдірген» десе, енді бірі «жылан ақ баспайды, арты жақсы болсын» деп тіледі. Бірқатар оқырмандар «80 жылдардың басында Алматы көшелерімен жылан көшіп, көп ұзамай Желтоқсан оқиғасы болды» деп еске алады.
Дегенмен, басым көпшілігі бұл оқиға жай ғана қыстың жылы болғанын көрсетеді деп топшылады.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.